Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұрласаңыздар, ұрлаңыздар, тым болмаса жол салып беріңіздерші": Айқын билікке өтініш айтты

Айқын Төлепберген Алакөлге апаратын жолды сынға алды. Әншінің пайымынша, жолдың дұрыс болмауы туризмді дамытуға кедергі келтіруде. Бұл туралы Stan.kz Тимур Балымбетовтың "Ашығын айтқанда" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Алакөл – керемет көл, Қазақстанның жауһар қазынасы. Оның бір ерекшелігі, басқа өзендер келіп құймайды. Су астынан шығады. 
Мен әлемнің барлық мұхиттарында шомылдым. Бірақ Алакөл бөлек. Дәмінің өзі ерекше, тұзды, тәтті, газдалған минералды суда шомылып жүргендей боласың
", – деді Айқын.


"Есімі - Наташа": Рухия Байдүкенова анасының орыс ұлтынан екенін растады


Әнші тырысып-тырбанып тірлік істеп жүрген кәсіпкерлерге ризашылығын білдірді. Алайда көлге апарар жол, аймақтағы электр мен ауыз су проблемасы кәсіпті дөңгелетуге кедергі келтіріп отыр, дейді ашынған әнші. 

"Адамдар несие алып, өз есебінен қонақүйлер салып, күн көріп жатыр. Бірдеңе істеуге тырысып жатыр. Генераторлар қойған, мемлекет ештеңе бермейді. 

Біз концерт қойған "Алазон" демалыс орны толықтай генератормен тұр, жарық жоқ, сумен проблемалар бар. Сонда да адамдар сонда демалуға барады. 

Мемлекет тек қана жол салса болды. 21 жылдан бері Алакөлге барып келемін. Жол нашар, жыл сайын келесі жылы салып қалар деп үміттенемін. Жол салынса, адамдар сонда қарай ағылатын еді. Бизнесті дамытуға үлкен мүмкіндік. 

Жергілікті халыққа жұмыс табылады. Ыстық көл артта қалады. Балхашқа да ешкім бармайды. 

Мемлекеттік қызметте істейтін танысымнан жол туралы сұрадым. Ол республикалық маңызы жоқ жоқ дейді. Қалай деймін? Алакөлге басқа елден адамдар келіп демалады. 

Билікті сынағым келмейді. Бірақ тым болмағанда жол салып беріңіздерші. Ұрласаңыздар, ұрлаңыздар. Оған баяғыда көндік. Кәсіпкерлерді аяп кеттім", – деп ағынан жарылды Айқын.

Естеріңізге сала кетейік, Айқын осы сұхбатында көзіне блефаропластика жасатқанын мойындаған еді. Сондай-ақ әнші әке-шешесін коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға көндіре алмай жүргенін жеткізді. 

Талқылау