Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын Төлепберген әке-шешесін вакцина салдыруға көндіре алмай жүр

Айқын Төлепберген коронавирусқа қарсы екпе салдырғысы келмейтін халықты түсінбейді. Әншінің пайымынша, вакцинаны қастық үшін ойлап тапқан деп ойлаудың өзі ақымақтық. Бұл дертпен өзі де ауырып шыққан әнші, тіпті әке-шешесін вакцина салдыруға көндіре алмай жүр. Бұл туралы Stan.kz Тимур Балымбетовтың YouTube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

 

"Таныстарымның жартысы вакцина әдейі ойлап табылған деп ойлайды. Оны ектіргеннен кейін балалы бола алмайсың дегенге сенеді. 

Ақпарат ағыны көп. Телефоннан 5 минут сайын жаңа хабар келеді. Қайсысы ақиқат, қайсысы өтірік екенін ажырату қиын болып кетті. 
Адамда сыни көзкарас болу керек. Вакцина – адамзатқа жасалған қастық деп ойлау енді білмеймін... 

Тарихқа қарайтын болсақ, вакцинаның арқасында қаншама ауруды жеңдік", – дейді Төлепберген.

Өнер иесі вакцина салдырсаң, ауруды жеңіл өткересің дегенге толықтай сенеді. Ал екпесіз ауырудың қандай екенін Төлепберген жақсы біледі. 

"Ауру ешқайда жоғалып кетпейді. 2-3 жылдың ішінде қазақстандықтардың 100%-ы коронавируспен ауырып шығады. Сондықтан ол ауруды вакцинамен қарсы алған дұрыс. 

Вакцинасыз ауырғанның қандай болатынын мен білемін. Басымнан өтті. Егер де дәрігерлер болмаса, Құдай сақтасын, мұнда отырмас едім. 

Температурам көтеріліп, басым айналып, ұйықтай алмадым. Екі күн үйде болдым, кейін таныс дәрігерлерге хабарласып, ауруханаға жатқызуды өтіндім. Орын жоқ. Министрлік, таныстар арқылы жаттым, антибиотик салды, бірден жеңілдеп қалдым.



Ауырған кезде дәрігерлерге жүгіреміз, сенеміз. Ал вакцинаны ойлап тапқанда сенбейміз", – дейді Айқын.
Жазылып шыққаннан кейін Айқын дәрігерлердің кеңесімен вакцина салдырмақ болғанын айтады. Алайда: "Анализ тапсырған кезде, іште антителалар күресіп жатты. Сол уақытта да ауырып жүрген екенмін. Адамдардың арасында көп жүремін. Соған қарағанда ауруға қарсы тұра аламын. Маған енді вакцинаның қажеті жоқ сияқты", – дейді Айқын. 

Өзі салдырмаса да, әнші әке-шешесін барынша көндіруге тырысып жүр. Алайда: "Көндіре алмадым. Сенбейді. Ал бауырым салдырды", – дейді ол.

Айқынның жары Жұлдыз Өмірғали да вакцина алмағандардың қатарында. Телехикаяға түсіп жүрген актрисаның әзірге екпе салдыруға уақыты болмаған көрінеді.

“Бірақ шетелге шығатын болсақ, міндетті түрде тексеріліп, қажет болса салдырамыз”, – деді Айқын. 

Айта кетейік, әнші осы сұхбатында блефаропластика жасатқанын мойындаған еді.

  

Талқылау