Қазақстанда доллар бағамы 2024 жылғы маусымнан бергі ең төменгі деңгейге түсті
Қазақстанда доллар бағамы 450 теңгеден төмен түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 447,80 теңгені құрады. Бұл алдыңғы сауда-саттықпен салыстырғанда 3,17 теңгеге төмен.
Айта кетейік, бұл – 2024 жылдың маусымынан бергі ең төменгі деңгей. Ол кезеңде доллар бағамы 447 теңгеге дейін түскен еді.
Ұлттық банктің 14 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы бойынша 1 доллар 450,91 теңгеге тең.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы доллардың орташа бағамы:
- сатып алу – 446,65 теңге;
- сату – 448,71 теңге.
Астанадағы айырбастау орындарындағы доллардың орташа бағамы:
- сатып алу – 446,01 теңге;
- сату – 453,01 теңге.
Еске салсақ, бұған дейін қаржы сарапшысы қыркүйекте доллар құны қалай өзгеретінін айтып, қаржы нарығына болжам жасаған еді. Сарапшының сөзінше, қазіргі доллар бағамының төмендеуі – нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа сай қалыптасқан баға. Алайда күз және қыс айларына қарай доллардың құны 480-490 теңге аралығында болуы мүмкін.
Астанада туристің видеосына түскен полицейлер не үшін жұмыстан шығарылды? Бұл заңды ма
