Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын Төлепберген блефаропластика жасатқанын мойындады

Айқын Төлепберген көзіне блефаропластика жасатқанын мойындады. Әнші мұндай қадамға төмен түскен қабағын қайта көтеру үшін барған. Бұл туралы Айқын Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

"Жыл басында көзіме кішкене өзгеріс жасадым. Уақыт өте келе қабақ түседі. Оны уақытында көтеріп қою керек, сонда бірқалыпты болып тұрады", – деп ағынан жарылды Айқын.

Әнші операция кезінде ұйықтап жатқанын, ешқандай ауырлық сезбегенін атап өтті. 


"Маған берген сынақты сіздерге бермесін": Жахан Отарғалиев балалы болуға қатысты сұраққа жауап берді


"Сен білмедің бе? Қызығы, ер адамдар мүлде байқамайды. Ал әйелдер бірден байқайды.

Білмейтіндер болса, бұл блефаропластика деп аталады", – деп түсіндірді Төлепберген.  

Әнші карантин кезінде сахнаны сағынып қалғанын жеткізді. Әнші жақында Алакөлде ән кешін өткізгеніне шын қуанышты. 

"Алакөлде керемет үлкен концерт болды, қатты сағынып қалыппын. 1500 адам келді. 

Үлкен алаңға мәселен, Gakku даусын жатқызуға болады, бірақ адамдар онда тегін кіреді. Ал мұнда 1500 адам 5000 теңгеден төлеп кірді", – дейді Айқын. 

Төлепберген гонорары туралы сөз қозғады. Әріптестері карантин кезінде ақысын төмендетсе, Айқын керісінше жоғарылатқанын айтады. Себебі: 

"Концерттерге шыққанда ақшаны аздау аламын. Себебі концерт екенін түсінемін, онда сенің тыңдармандарың келеді, олармен де көрісіп тұру керек. Ал тойға көбірек аламын. Карантин кезінде гонорарымды 10 пайызға көтерген жалғыз әнші шығармын. 
Басқа әртістерге қарадым, 5 мың доллардан қояды екен. Мен де оған лайықпын. 5 мың болмаса да, кішкене көтердім. Сонда да менікі екі есе төмен десем болады". 

Талқылау