"Бәрін басынан істейміз": Мөлдір Әуелбекованың Алматыдағы су жаңа үйін су басты

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова күтпеген жағдайға тап болды. Өнер иесінің Алматыдағы жаңа зәулім үйін су басып, жөндеу жұмыстары мен жиһазына зақым келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мұны әнші әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Мөлдір Әуелбекованың сөзінше, оқиға кезінде өзі Тараз қаласында болған. Әнші жағдайды естіген соң шұғыл түрде Алматыға қайтуға мәжбүр болған.
ОқыңызӨнер иесі су салдарынан пәтердегі еден көтеріліп кеткенін, ал жиһаздарды сыртқа шығаруға тура келгенін жеткізді.
“Менің үйімді су басты. Еденнің бәрі көтеріліп кетті. Жиһаздың бәрін сыртқа шығарып қойдық. Енді бәрін басынан бастап істейін деп жатырмыз. Сабыр түбі – сары алтын деп отырмын. Маған сабыр тілеп қойыңыздар. Жап-жаңа, екі жыл бұрын ғана салынған үй еді. Қайыры болсын”, – деді Мөлдір Әуелбекова.
Әнші бұл жағдайға қарамастан сабыр сақтауға тырысып жатқанын айтты. Ол алдағы уақытта үйін қайта жөндеуге кіріспек.
Алматы мен Шымкентте тұрғын үй бағасы төмендеп кетті: Бұған не себеп
Алматы мен Шымкентте қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы жыл басынан бері 1,8% төмендеп, Астанада 3,8% өскен
Күйеуі қуып шыққан астаналық әйел үш баласымен аялдамада түнеген: Тұрмыста зорлық көрген адам неліктен ешкімге жүгінбейді
Заңгер мен психолог мұндайда не істеуге болатынын түсіндірді