Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бәрі рас": Бағым Мұхитденова әнші Мөлдір Әуелбековаға қатысты жанжалға пікір білдірді

Мөлдір мен Бағым
Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova / bagym_m

Танымал әнші, музыкалық продюсер Бағым Мақсатқызы Revue News-ке берген сұхбатында Мөлдір Әуелбекова арасындағы дауға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бағдарлама жүргізушісі продюсерге “Сіз бен Мөлдір Әуелбековаға қатысты қаңқу әңгіме рас па?” деп сұрақ қойды. Продюсер психологиялық тұрғыда ем қабылдап жүргенін растады.

“Мен бұл сұраққа жауап бергім келмейді. Баян Мақсатқызы қалай айтса, тура солай болды. Ол рас. Мен ұзақ уақыттан бері емделіп жүргенімді айтқым келмейді. Мені емдеп жазады деп үміттенемін”, – деді ол.

Бұл пікірден кейін желі қолданушылары түрлі ой жазды.

“Өтірік сияқты”, “Неге бұл әңгімені енді айтып жатыр?”, “Ауырып жүрген адамға ұқсамайды”, “Бағымга өте ауыр тиді, өйткені үйіне тұрғызып, тамағын жасап, сонша сенгені Мөлдір жасырын күйеуімен жүргені тіпті масқара ғой”, – деп жазды оқырмандар.

Мән-жайы

Еске салайық, бұған дейін Мөлдір Әуелбекова КешYou-дың концертіне қатыспайтынын мәлімдегені хабарланған еді. Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның сөзінше, концерт өзісіз де жоғары деңгейде өтеді. Ол, осылайша, өнер жолындағы үлкен бір тараудың бетін жабатынын жеткізді.

“Кешьюдың концертіне қатыспау туралы шешім қабылдадым. Менсіз-ақ, алтын құраммен керемет кеш өтетініне сенімдімін. Осылайша, өнер жолымдағы үлкен бір кезеңнің бетін өзім үшін жабамын”, – деп жазды ол.

Ал Баян Алагөзова оның бұл шешімін сатқындық деп бағалады. Продюсер ашуын жасыра алмай, Мөлдір Әуелбекованың бұл қылығына мүлде таңғалмағанын айтты.

“Мөлдір Әуелбековадан мен дәл осыны 100 пайыз күттім. Ол мені жолдың ортасында тастап кетті. Ол кезде мен барлық процесті бастап қойған едім. Кемінде 200 мың доллар жұмсап қойған едік”, – деді продюсер.

Баян Алагөзованы ең қатты Мөлдір Әуелбекованың концерт процесі жүріп жатқан кезде біржақты шешім қабылдап, алдын ала жеке хабарлама жазбай, көпшілік алдында концертке қатыспайтынын жариялағаны ренжіткен.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 03 Маусым, 2026 18:05