Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Таза Қазақстан" экологиялық бағдарламасы аясында Ұлытау облысында жастарға арналған танымдық кездесу ұйымдастырылды

Ұлытау облысында  жастармен "Таза Қазақстан – елге деген құрмет" тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті арттыру және туған жердің тазалығын сақтаудың маңыздылығын насихаттау болды.

Кездесу барысында қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық орындардағы тазалықты сақтау, табиғатты аялау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, қатысушылардың білімін шыңдау мақсатында "Таза Қазақстан" тақырыбында танымдық квиз өткізілді. Квиз барысында жастар экология, табиғатты қорғау, қалдықтарды сұрыптау және экологиялық мәдениетке қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен белсенділіктерін көрсетті.

Іс-шара аясында қатысушыларға "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясының мақсат-міндеттері, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдық орындарда тазалықты сақтау қағидалары қамтылған ақпараттық-түсіндіру брошюралары таратылды. Сондай-ақ, жастарға табиғатты аялау, экологиялық жауапкершілікті арттыру және туған өлкенің тазалығын сақтаудың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу соңында барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіріліп, "Таза Қазақстан" экологиялық акциясының мақсаттарын қолдауға, қоршаған ортаны қорғауға және елді мекендердің тазалығын сақтауға белсенді атсалысуға шақырылды.

Stan.kz
Бейсенбі, 02 Шілде, 2026 16:08