Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұрласа ұрласын": Жанболат пен Жазираның әнін қырғыздар өзгертпей орындаған (видео)

Жанболат пен Жазираның әнін қырғыздар көшіріп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жұлдызды жұптың орындаған әнінің әуенін қырғыз ағайындар көшіріп алған. Бұл туралы бейнежазба желідегі парақшаларда кең тарады. Бейнежазбада қырғыз ағайындардың Жанболат Пен Жазираның әніне жаңа сөз жазып, орындап жүргені салыстыра сипатталған.

Желіде тараған жаңалықтарда Жанболат пен Жазира қырғыз әншілерін сотқа бермек делінген. Алайда, Жазира Байырбекова бұл ақпаратты жоққа шығарып, пікірін білдірді.

"Біздің әнімізді орындағаны үшін сотқа беру біздің табиғатымызда жоқ. Қырғыз әншілерін кім екен сотқа бергісі келіп жүрген? Ән үшін әншіні соттауға түбегейлі қарсымын!" - дейді Жазира Байырбекова.

Бұл бейнежазбаны көрген желідегі жұрт қырғыздардан біздікілер де ән ұрлап жүр сондықтан онда тұрған ештеңе жоқ деп сабырлық сақтаған.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Біздің әнімізді орындағаны үшін сотқа беру біздің табиғатымызда жоқ. Қырғыз әншілерін кім екен сотқа бергісі келіп жүрген??? 🤔 Ән үшін әншіні соттауға түбегейлі қарсымын! #ЖАЗИРАБАЙРБЕК#ҚАЗАҚҚЫЗЫ #Repost @qazaqpyz__goi with @get_repost ・・・ Қырғыз әншілері Жанболат пен Жазираның толықтай репертуарын рұқсатсыз орындап жүр. Қырғыстанда қазақ эстрадасының жұбы Жанболат пен Жазираның әндері өте танымал, бірақ өздерінің орындауында емес деп мәлімдейді қырғыздық шоу-бизнес порталы. Балалардың xиты болған "Тай тай" әні мен қыз ұзатудың #1 әні " Ақботам" қырғыз елінде үлкен сұранысқа ие. Сондықтан қырғыз әншілері қазақтың әнін үлкен саxналарда орындап жүр,- дейді КиргизTV. Бірақ Жанболат пен Жазира әннің авторлық құқығын ешкімге бермегенін мәлімдеді. Қырғыз әншілеріне қарсы сот болуы мүмкін. #қазақпызғой

Публикация от Жазира Байрбекова (@zhazira_bairbekova)

"Берген шығар ақшасын", "Ұрласа ұрласын", "Әуенін бұзбай, нақышына келтіріп орындаса не болыпты", "Біздің әндеріміз әдемі, сондықтан қызығушылық танытатын шығар", "Алмасып тұрыңдар", - деп пікір білдірді жұрт.

Талқылау