Ұлттық құрылтайдың келесі отырысы Қызылорда қаласында өтеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың келесі отырысын Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда
Өз сөзінде президент бүгінгі Құрылтай тағы бір тарихи белеске тұспа-тұс келгенін айтты.
"Кейінгі жылдары біз ұлттық бірегейлігіміздің маңызды факторы – тарих ғылымының дамуына ерекше көңіл бөліп жатырмыз. Бүгінгі Құрылтай тағы бір тарихи белеске тұспа-тұс келді. Биыл ел астанасын Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына жүз жыл толып отыр. Осы ретте Құрылтайдың келесі отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынамын", – деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық құрылтай Ұлытау, Түркістан және Атырау облыстарында өткен еді. Төртінші пленарлық отырыс Бурабайда өтіп жатыр.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"