Ұлттық банк интервенция жүргізгеннен кейін теңге едәуір нығайды
Фото: pixabay.com
Бейсенбі, 31 шілдеде Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа бағамы 5,42 теңгеге төмендеп, 540,78 теңге болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық банктің 31 шілдедегі ресми бағамы бойынша, бір доллар 546,36 теңге болды.
Жұма, 1 тамызда ресми бағамды анықтаудың қолданыстағы тәртібіне сәйкес, бір доллар 540,78 теңгеге бағаланбақ.
Kurs.kz дерегіне сәйкес, Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде доллар орташа есеппен 538,41 теңгеден сатып алынып, 545,39 теңгеден сатылып жатыр. Ау еуроның орташа сатып алу бағамы 615,41 теңге болса, орташа алғандағы сату бағамы – 625,39 теңге, рубльдің орташа бағамы 6,60-6,77 теңге болып тұр.
Еске салсақ, 30 шілдеде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда барысында доллар бағамы 551 теңгеге дейін көтерілген еді. Мұндай күрт әлсіреу KASE биржасындағы валюталық сауда-саттық аясында орын алды.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген