"Ұлыма әке болып": Балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған Әуелбековаға жұрт қолдау көрсетті
"Ана да өзім, әке де өзім". Екі перзентін жалғыз тәрбиелеп отырған Мөлдір Әуелбекова балаларына әке орнын жоқтатпауға тырысып жүр. Ол тұңғыш ұлымен қалай уақыт өткізетінін көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Ұлыма әке болған түрім ғой. Балыққа барып, қармақ ұстауды үйреніп, тез икемденіп кетті. Салтай құлыныма қатты ұнағандықтан, жылына екі рет балыққа барамыз деп келістік. Салтайға ұнағанның бәрін қолымнан келгенше жасаймын деп уәде еттім!" - деп жазды әнші желідегі парақшасында.
Желі оқырмандары балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған Әуелбековаға қолдау көрсетті.
"Қазіргі заманда еркектер қатын болып, әйелдер ер болды ғой", "Сіз сияқты өз баласына әке боп жүрген мықты аналар Қазақстанда көп, 50% айтуға болады, алимент төлемейтін "Әке"-лерді тіпті сот қорғайды, ауыр қылмыс деп "бостандықтан айыру" емес, "бостандықты шектеу" жазасын береді де құтылады. Бірақ осындай санасыз, жүрегі жоқ алиментщиктердің өмір сүру дағдысы онсыз да "бостандықты шектеуге" ұқсайды, ешнәрсе өзгермеді. Шетелге онсыз да шықпайды, ресми жалақысыз жүре береді олар, араққа ақша табылса болды", "Сенің қолыңнан келеді", "Жарайсың, ана деген сол, бауыр еті баласы үшін бәріне барады. Осы видеоны көріп, міндеттерін орындамаған әкесі намыстана ма екен?" - деп жазды желі қолданушылары.

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
