Нөсер жауыннан кейін Таиландты таракандар басып қалды (видео)
Таиландтағы нөсер жауынның салдарынан жәндіктер кей қалаларды басып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жирен тарақандар көбінесе бағаналарға және басқа да биік жерлерге шығады. Оларды үйлердің қабырғаларынан, ағаштардан да көруге болады. Кейде оларға сколопендралар мен шаяндар қосылады. Кейбір жағдайларда жәндіктер тіпті адамдарға да шығуға тырысады.
26 қыркүйекте Бангкоктың барлық 50 ауданы толассыз жауған жаңбырға байланысты апат аймағы деп жарияланды. Нөсер жауын көшелерді су басып, көлік қозғалысын қиындатты.
Әсіресе қаланың шығыс бөлігі су тасқынынан қатты зардап шекті. Қалалық каналдардағы су деңгейі шекті деңгейге жетті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде шіркей көбейіп, тұрғындардың мазасын қашырды. Көше мен ауланы, су айдындарының маңын қаптаған ұсақ жәндіктер жұрттың көзіне, мұрны мен аузына кіріп, сыртта жүру қиындаған.
Ресейлік IT-мамандарға қазақ тілінен емтихан тапсырмай-ақ ықтиярхат беріледі – Astana Hub себебін түсіндірді
