Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Махмұд Сабырхан Азиадада қола жүлдегер атанды

Махмұд Сабырхан
Фото: olympic.kz

Махмұд Сабырхан Азиада-2026 жартылай финалында филиппиндік Карло Пааламнан 3:2 есебімен жеңіліп, Қазақстан қоржынына үшінші қола медальді салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының финалына шыға алмады.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз жартылай финалда филиппиндік Карло Пааламмен жұдырықтасты.

Тартысты өткен кездесуде Филиппин боксшысы 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Махмұд Сабырхан Қазақстан қоржынына үшінші қола медальді салды.

Бұған дейін қола жүлдені Алуа Балкибекова (51 келіге дейін) және Наталья Богданова (75 келіге дейін) иеленген.

Еске салайық, бұған дейін Махмұд Сабырхан қазақ боксының танымал өкілдерінің бірі. Ол 2023 жылы IBA нұсқасы бойынша, ал 2025 жылы World Boxing ұйымы аясында әлем чемпионы атанып, екі дүркін әлем чемпионы болды. Сонымен қатар 2024 жылғы Азия чемпионатында алтын медаль иеленді.

2025 жылы World Boxing ұйымының қорытындысы бойынша Махмұд Сабырхан "Жылдың үздік боксшысы" атанды. Жеңімпаз Instagram желісіндегі жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы анықталған. Сондай-ақ оның филиппиндік Аарон Джудпен жекпе-жегі сол жылдың үздік айқасы деп танылды.

2026 жылғы Азия чемпионатында Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 30 Қыркүйек, 2026 11:21