"Қалыңдықтан сұлу": Ұлттық киім киген Мәдина Сәдуақасова елді өзіне қаратты
Мәдина Сәдуақасова қыз ұзату тойына ұлттық нақыштағы көйлек киіп, елді өзіне қаратты. Көпшілік әншінің қалыңдықтан сұлу болып кеткенін айтуда, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Той науқаны басталғалы әншіні тойға, оның ішінде қыз ұзатуға шақыратындар көбейген. Осы ретте Сәдуақасова отандық дизайнерге арнайы ұлттық киім тіктіріп киді.
"Мен үшін осы жылдың тренді - ұзату той. Графигімның 50%-ы ұзатушки. Ұнайды өзіме қатты. Әдемі ғой қыз ұзату той", - деп жазба қалдырды ол.
Алайда желі қолданушылары қалыңдықтан асып түскен әншіні сынға алды.
"Сіз ұзатылатын қыздан сұлу болмау керексіз", - деді оқырмандардың бірі.
"Әрқашанда ең сұлу әрі ең басты адам ол - қалыңдық. Сондай-ақ барлығының әдемі болғанын қалайтын сұлулар да бар", - деді Сәдуақасова.
"Арқан тарту, күйеу көру, тамада": Қазақтың тойы заман ағымына қарай қалай өзгерді
Этнограф: “Бұрынғы тойда да тамада, әнші, бишілер болған”
Көршінің шуы қаншалықты қатты екенін қалай өлшеуге болады және ол үшін қайда шағымдану керек
Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті айтып берді