AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚК мемлекетке опасыздық, тыңшылық жасады және мемлекеттік құпияға қол сұқты деген күдікпен бір топ адамды ұстады

Мемлекетке опасыздық жасады, тыңшылық жасады және Қазақстанның мемлекеттік құпиясына қол сұқты деген күдікпен бір топ адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі мәлімдеді.

кнб

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті тыңшылық, мемлекетке опасыздық жасау, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету күдігімен адамдар тобын, оның ішінде шетел мемлекетінің азаматын ұстады", - делінген бейсенбі күні шыққан мәлімдемеде.

ҚР ҚК 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), 176-бабы (тыңшылық) және 185-бабы 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету) бойынша қылмыстық істер қозғалған.



"Тергеу соты осы адамдар тобына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Қылмыстық істердің "Құпия" белгісі бар, осыған байланысты тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілмейді", - деп қосты ҰҚК.

Еске салайық, 3  сәуір күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында ҚР президентіне және бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған шетел барлау агентін қолға түсірген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр