Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Энергетика министрі: Мұнайшылардың тәбетін басып, бензинді арзандату керек

Мұнайшылардың тәбетін басып, бензин бағасын арзандатпақ. Энергетика министрлігі бақылау алынып, бетімен кеткен бензин бағасын осылай реттеуді жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде көптеген жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 164 теңгеге дейін өскен. Ал өзіміздің үш зауыт толық қуатына шыққанның өзінде, баға қалай өзгеретіні белгісіз. Бұл жолы тіпті Бозымбаев та болжам жасауға батпапты, деп хабарлайды КТК арнасы.

“Баға қарашаның екінші жартысында өзгереді деп күтіп отырмыз. Желтоқсанда жанарамайдың 20 пайызы ғана ресейлік, қалғаны өзіміздің өнім болуы тиіс. Ендігі мәселе, бағаны төмендету үшін қарашада мұнайшылармен, зауыттармен жақсылып жұмыс жүргіземіз. Тәбеттерін басқызу керек”, – дейді ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Мемлекет АИ-95 пен 92-нің бағасын реттеуден әлдеқашан бас тартқаны мәлім. Ендеше нарықтың еркін саудасына министрліктің қалай кірісетіні белгісіз. Бірақ Бозымбаевтың бір ойлағаны бар шығар, халыққа арзандайды деген сөздің өзі-ақ жағып тұр. Бүгін ол сондай-ақ, көмір іздеп сабылған Астана жұртшылығын газбен қамтуға тоқталды. Жоспар бар, енді тек ақша керек.

“Бұл газ құбырының құны 266 млрд теңге. Өкінішке қарай ҚазТрансГазда да, ҚазМұнайГаздың да бұл жобаны қаржыландыруға мүмкіндігі жоқ. Қарыз да ала алмайды, себебі несиелері онсыз да көп”, – дейді Бозымбаев.

Елордаға газ жеткізудің тағдыры бір-ақ қолға қарап тұр дейді министр. 266 млрд-ты не Ұлттық қордан, не қазынадан алдырту туралы Үкіметтің шешімі керек. Ал ондай шешім шыққанша Бозымбаев бастаған басшылар инвестор іздеп жүр. Сондықтан нақты мерзім туралы айту қиын. Бензин мен газдан бөлек бүгінгі Үкімет отырысында біраз нәрсе айтылды.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық лесбиянкалар отбасын сақтап қалу үшін қандай қиындықтарға барып жүргендерін айтты

Әлихан неге асық ұстап тұр: Танымал мүсінші Алаш арысына қойылған ескерткіштің құпиясын ашты

Астана полициясы айықтырғыштың ішінде қайтыс болған ер адамға қатысты пікір білдірді

Алматы облысында 500 миллионға салынған мектептің едені қақырап, жылуы жұмыс істемей тұр

Талқылау