Эквадорда жер сілкінісінен кейін жүзге жуық жазасын өтеуші түрмеден қашып кетті
Сенбі күні болған жер сілкінісінен кейін Эквадордың Манаби провинциясындағы түрмеден 100-ге жуық жазасын өтеуші қашып кетті. Алайда олардың 30-ын полицейлер ұстады.

Сурет: www.popmech.ru
Кейбіреулері түзету мекемесіне өз еркімен барды, деп жазды Twitter-дегі шағын блогына елдің әділет министрі Леди Суньига.
«Портовьеходағы түрмеден 100-ге жуық жазасын өтеуші қашты. Біз оларды Эквадор полициясымен бірлесіп іздеудеміз», – деді Леди Суньига.
Министр табиғи апат түрме инфрақұрылымын да бұзғанын атап өтті. Жазасын өтеушілер арасында қаза тапқандар және жарақат алғандар болғаны не болмағаны туралы ақпарат жоқ.
Бұған дейін Эквадор президенті Рафаэль Корреа жер сілкінісінен кейін қаза тапқандардың саны 233 адамға жеткенін мәлімдеген. Ол жерасты дүмпуі салдарынан Манта елді мекені қатты зардап шеккенін айтты. Корреа бұл қалаға өзі бара жатқаны жайлы хабарлаған еді.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"