"ХҚКО ішінен бірнеше кабинет жалға алған": Ақтөбеде шетелдіктерді заңсыз тіркеген қызметкерлер ұсталды
Фото: ІІМ
Ақтөбе облысында Халыққа қызмет көрсету орталығының ішінде заңсыз делдалдықпен айналысқан қызметкерлер ұсталды. Олар ақшаға шетелдіктерді жалған құжаттар арқылы тіркеп отырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, 2 сәуір күні жедел іс-шаралар барысында Ақтөбе қаласындағы ХҚКО ғимаратында бір топ адамның қылмыстық әрекеті әшкереленген.
“Күдіктілер ХҚКО ішінде бірнеше кабинет жалға алған, ақшаға делдалдық қызмет көрсеткен, жалған құжаттарды пайдаланған. Негізгі қызметі шетел азаматтарын тіркеумен байланысты болған. Жедел ақпарат бойынша, заңсыз қызметтер Орталық Азия елдерінен келген шетелдіктерге көрсетілген. Жалған құжаттар арқылы оларға қажет тіркеу рәсімдері рәсімделген, бұл қолданыстағы заңнамаға қайшы”, – делінген ведомство хабарламасында.
Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс жалған құжат жасау, оларды өткізу және пайдалану баптары бойынша тіркелген.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
Талғар қаласында ұрлық үстінде бала зорлауға әрекет жасаған ер адамды полиция ұстады
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту