AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ-та Владимир Жириновскийдің қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады: Мемлекеттік Дума мұны жоққа шығарды

ЛДПР төрағасы Владимир Жириновский қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости Сенат депутаты Александр Пронюшкинге сілтеме жасап.

Mash Telegram арнасы саясаткердің бүгін таңғы сағат 10:45-те көз жұмғанын хабарлады. Бұған дейін SHOT Telegram-арнасы Жириновскийде сепсистік шок болғанын жазған. Сондай-ақ бір өкпесі жұмыс істемей қалған.

Алайда ЛДПР өкілдері құпия ақпарат көздеріне сенбеуге шақырды. Себебі бұның барлығы – өсек-аяң және спекуляция.

Бұл арада РФ Мемлекеттік Дума спикері Вячеслав Володин оның өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды. 

“Владимир Вольфович Жириновскийдің денсаулығына алаңдайтындардың барлығын тыныштандырғым келеді. Ол тірі. Оның жағдайы шынымен ауыр. Бүгін оған КТ жасалды. Біз ол үшін алаңдап отырмыз. Дәрігерлер онымен өмірімен күресуде. Тезірек сауығып кетуін тілейік”, – деп жазды Мемлекеттік Дума спикері Вячеслав Володин. 

Сондай-ақ Ресей Денсаулық сақтау министрлігі Жириновскийдің тірі екенін мәлімдеді. Министрлік өкілдері сөздерінше, саясаткердің жағдайы тұрақты және қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

Айта кетері, ресейлік саясаткері Владимир Жириновский ақпан айының басында ауруханаға екіжақты пневмониямен түскен. Оны коронавирустың омикрон штамы қоздырып жіберді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр