"Видео түсіру үшін несиеге iPhone 12 алдым": Автобустың үстіне шығып билеген қарағандылық желіде қалай жұлдызға айналғанын айтты
31 жастағы қарағандылық Арынов Айдос көлік жүргізуші болып қызмет еткеніне он жылдың жүзі болған. Өз ісіме жауапкершілікпен қараймын дейтін жүргізуші өз кәсібін хоббиіне айналдырған. Оның автобустың үстіне шығып билеген видеосы желі қолданушыларын таңырқатқан. Позитивті көңіл күйдегі видеолар түсіріп, бүгінде желі жұлдызына айналған Айдостың Tik-Tok желісінде 40 мыңнан астам, Instagram-да 20 мың оқырманы бар. Stan.kz тілшісі автобус жүргізушісінен мұндай сипаттағы видео түсірудегі мақсатын сұрады.
“Қоғамдық көлікте жұмыс істеп жатқаныма он жыл болды. 22 жасымнан бастап автобус жүргізішісі болып жүрмін. Халықтың қоғамдық көлікке деген қарым-қатынасы нашар. Таңғы 5-тен түнгі 23:00-ге дейін халықты жұмысқа апарып-әкелемін. М халықтан бата алыңдар деген тәрбиемен өскенмін. Осы салада жүрген соң көңілге тиетін сөздерін елемеймін. Халықты тегін тасыған кездер де болды. Шығынды өз қалтамнан алып төлейтінмін, осылайша, қоғам көлік жүргізушілеріне деген көзқарасын өзгертсе екен деп тіледім ”, – дейді Айдос Арынов.
Автобус жүргізушісінің алатын жалақысы 200 мыңнан асады. Жұмысыма жауапкершілікпен, тиянақтылықпен қараймын деген ол қосымша Instagram арқылы айына 40-50 мың теңге табады.
“Жұмысым ұнайды, жаныма жақын, бірақ жұмыс процессі шаршатады. Сондықтан басқа қалаға көшуді жоспарлап жүрмін”, – дейді ол.
Айдос халыққа позитивті көңіл күй сыйлау, автобус жүргізушілеріне қатысты пікірін өзгерту мақсатта биыл қыста желіде аккаунт ашыпты.
Айтуынша, контентіне қатысты теріс пікір жазатындар жоқ. Мақсаты – өзінің брендін қалыптастыру. Бүгінде Tik-Tok-та ең көп қаралымы 2 млн-ға жеткен. Видеоларына автобус кондукторы монтаж жасайды. Ал сапалы видео түсіру үшін несиеге IPhone 12 де сатып алған.
“Оны тек осы видео контент жасау мақсатында ғана қолданамын. Бастапқыда қарапайым телефонға түсіре беретінмін. Алайда оқырмандарым сапалы телефон алуымды сұрады. Келіншегім осы телефонды маған сыйға тартты”, – дейді ол.
@aidos.vodila Бүгін мені қай пабликтардаң көрдіңіздер?🤗🥰##водилаавтобуса ##stay ##karaganda_09 ##рек ##ура😅😅😅
♬ Low - sww.llx
Автобус жүргізушісі келесі жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласына көшіп, сол жақта қоғамдық көлікте жұмыс істеу жоспарында бар екенін айтады.
Айдос Арыновтың автобус үстіне шығып билеген видеосына қатысты да пікір білдірді. Айтуынша, ол Tik-Tok-тағы трендті қайталағысы келген.
Нұр-Сұлтанда жол бойында билейтін бойжеткенге белгісіз біреу шабуыл жасады
“Басшылар тарапынан ескерту бола ма деген күдік болды. Алайда дәл осылай түсіру керек еді. Осылай түсірсем, көп қаралым жинаймын деп ойладым. Кешеден бері, шынымен-ақ, “жұлдыз” болып жатырмын. Қорыққан жоқпын. Онда тұрған ештеңе жоқ. Шешініп, жаман әрекет жасамадым. Автобустан секірген де жоқпын. Бір-екі кадрда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын”, – дейді желі белсендісі.
Айтуынша, желіде танымалдылығы артқан соң түрлі компаниялардан ұсыныстар түсуде екен. Соның бірі Қарағандыдағы автобус шығаратын компаниялар. Алайда хоббиіне сенімсіздікпен қарағандар да табылған.
“Көлік жүргізуші болып жүріп, бір жұмысты әрең алып жүрген әріптестерім бар. Алайда мен негативті ойларға бой алдырмаймын. Жұмысымды да істеймін, желідегі қызметіме де үлгеруім керек. Әріптестерім қызығушылығыма күле қарайтын. Алайда қазір оларды бәрінің ойын өзгерттім, желіні дамытуға көмектесуімді сұрайды. Тіпті оқырмандардың арасында “сізбен кондуктор болып шығайықшы” деп, бірге видео түсіруге ниеттеніп жатқандар бар”, – дейді ол.
@stan.kz Автобус үстінде билеген қарағандылық желіде жұлдызға айналған. ##stankz ##қарағанды
♬ оригинальный звук - STAN KZ
Жамбыл облысында тұратын 15 жастағы шопан желіде жұлдызға айналды
Айдос Арынов Нұр-Сұлтан көшелерінде билеп, ел назарын өзіне аударып жүрген Аида есімді қыздың әрекетіне қатысты пікірін білдік. Сөзінше, оқырмандары Аидамен бірге би билеп видео түсіруге ұсынып жатыр екен.
“Астанада би билеген қыз жайлы естідім. Маған оқырмандарым сол қызбен бірге билеп, видео түсіруді ұсынып жатыр. Негізі оның форматы басқаша, менікі басқа. Көшеге шығып билемеймін, жұмыстан бос уақытта адамдарға көңіл күй сыйлағым келеді. Хайп үшін істеген жоқпын. Өзімді жек көрінішті қылғым келмейді”, – дейді ол.
Ол өзіне қолдау көрсетіп жатқан оқырмандарына үлкен алғысын айтады.
“100 адамға сторис түсіріп бастағанмын. Осы 100 адамға терлеп-тепшіп сторис түсіретінмін. Қазір сторисімді 5-6 мың адам көреді”, – дейді ол.