Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда жол бойында билейтін бойжеткенге белгісіз біреу шабуыл жасады

Жол қиылысындағы билерімен танымал Аида есімді астаналық қызды бейтаныс адам ұрып-соққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бойжеткен Instagram парақшасында оқиға туралы баяндады.

"Достар, менде төтенше жағдай. Бүгін мені 25-26 жастағы бейтаныс адам сым темірмен аяғымнан ұрды. Менің бұл уақытта бетімді қорғауыма тура келді", – деп жазды Аида.

Оның айтуынша, бірден көмекке куәгерлер келген. Алайда ер адам оқиға орнынан қашып кеткен. Олар күдіктінің суретін анық емес қылып түсіріп алыпты. 

Полициясы мәліметінше, оқиға 16 тамызда болған.

"16 тамызында сағат 20:36-да 102 арнасына елорда тұрғынынан қоңырау түсті. Белгісіз ер адам оны ұрып кеткен. Қыз кешке Мәңгілік Ел - Керей мен Жәнібек хандар көшесі қиылысында билегені анықталды. Оған белгісіз ер адам келіп, үйіне қайтуын сұраған. Бірақ қыз оған келіспегендіктен, ер адам аяғынан сыммен ұрған", – деді қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Факт бойынша қылмыстық іс қозғалғаны анықталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қазіргі уақытта ер адамның жеке басын анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Айта кетсек, 20 жастағы астаналық қыз көше қиылыстарында өзінің биімен танымал болған болатын. Ол бұл әрекетін билеуді жақсы көретінін, сондай-ақ көшедегі халықтың көңіл күйін көтеру үшін істейтінін айтқан. 

Талқылау