Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Вакцина коронавирустан толығымен қорғамайды": Қазақстандық вакцинаны әзірлеуші ғалым коронавируспен ауырғанын айтты

Қазақстандық зерттеуші, Халықаралық вакцинология орталығының жетекшісі Қайсар Табынов коронавируспен ауырғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ғалым

Ғалымның сөзінше, оның өкпесінің 35%-ын вирус зақымдаған. 

"Бірнеше күн бұрын ауруханадан шықтым, 10 күн бойы коронавирустан емделдім. Біраз нәрсе білдім, тіпті кітап жазуыма болады. Алғашында 35%-ы зақымдалған өкпемен, 39 градус дене қызуымен "Халық Аренаға" түстім, кейіннен жөні дұрыс Алматыдағы фтизопульмонология орталығына ауыстырылдым", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасына. 

Айтуынша, вакцина коронавирустан толығымен қорғамайды. Бұған өзінің ауруға шалдыққаны мысал бола алады. Сол себепті ол індеттен сақтану үшін жиі екпе салғызуға тура келетінін сөз етті. 

Зерттеуші осыдан он ай бұрын аустралиялық COVAX-19 вакцинасын салғызғанын айтады. Сонымен қатар, ол өзі дайындап шығарған NARUVAX-C19/Nano вакцинасын да қабылдапты. 

"Алдағы уақытта мен ауруды қалай жұқтырғанымды анықтаймыз. Төсек тартып, жатып қалуыма себепші болған вирусты бөліп алдық. Енді соны зерттейміз. Вакцинаның құрамын дамытуға болатын біраз дүниелерді ұқтым", - деп қосты Қайсар Табынов. 



Сондай-ақ, қазақстандық ғалым дәрігерлердің коронавируспен дұрыс күресуді үйренгенін алға тартады. Тіпті, жүре алмай қалған егде жастағы науқастарды ақ халаттылар аяқтан тік тұрғызғанын байқаған. 

"Favipiravir препаратын қолдануға күмәнданып қалдым. Өз басым бұл дәрі менің бауырыма қатты әсер етті. Оның ағзадағы вирустың мөлшерін төмендетуге сеп болғанын білмеймін. Менің аустралиялық серіктестерімі ауырғанымды біліп, ивермектинді қолдануға кеңес берді. Бұл паразиттерге қарсы препарат вирустың үш нүктесіне соққы болып тиеді", - дейді ол. 

Талқылау