"Вакцинаның екі дозасын салған адам да вирус тасымалдай алады": Мамандар түсіндірді
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының "Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы" филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл вакцина салғаннан кейін міндетті түрде маска тағу керек екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол қазіргі таңда вакцина салдырған адам да вирус таратушы болуы мүмкін екенін жеткізді.
"Негізінде қазір вакцинаның екі дозасын салған адам біршама уақыт бойы вирус тасымалдаушы болуы мүмкін деген ғылыми болжамдар бар. Сондықтан, вакцина салғаннан кейін маска тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтау қажет. Өйткені вирус циркуляциясын азайту керек", - дейді маман.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры енді құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейді: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”