Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш рет жедел жәрдем шақырған: Коронавирустан көз жұмған әйелдің туыстары оның өлімі туралы айтты

Коронавирустан көз жұмған Ақмола облысының тұрғыны үйіне үш рет жедел жәрдем шақырған,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

коронавирус

Әлеуметтік желілерде тараған видео оронавирустан көз жұмған 64 жастағы әйелді құтқарып қалуға болар ма еді деген сұрақтың ұшын шығарды. Өйткені, ол кісі 25-і күні дүние салмас бұрын, үйіне үш қайтара жедел жәрдем шақыртқан. Әйелді тек үшінші рет шақырғанда ғана ауруханаға әкеткен. Оған дейін дәрігерлер жедел респираторлық инфекция деп айтып, қалдырып кеткен.

"Бірінші рет 22 наурызда жедел жәрдем шақыртылды. Жедел жәрдем келді, тыңдады, емханаға жүгіну керектігін айтты. Емханаға бардық, емханада укол тағайындады - цефтриаксон. Жүрегін тексерді, кардиограмма жасады. "Қалыпты, жүрегі жақсы, жата беріңіз, өлмейсіз" деді. Кетіп қалды. Бір жарым тәуліктен соң жағдайы тағы қиындады. Бес сағаттан кейін. Жедел жәрдемді үшінші рет шақырттық. Келді. Жөні түзу жігіт келді, бәрін өлшеді, сосын бірден көлікке салып, ауруханаға алып кетті", - дейді ер адам.

Белгілі болғандай, әйел емханаға вирусты жұқтырған кезде барған.

Бұл ретте, облыстық денсаулық сақтау басқармасы енді мұндай жайттарға аса сақтықпен қарайтынын айтты.

Әйел шетелге шықпаған. Дегенмен ол Алматы және Шу қалаларына құдалыққа барған

Ал науқас әйелмен байланыста болған кісілердің барлығы медицина қызметкерлерімен қоса қоғамнан оқшауланған.

Бұған дейін әйелдің алғашқы сынамасы теріс болғаны хабарланды

 

Талқылау