Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда коронавирустан көз жұмған науқас Алматыда қонақта нақты қай күні болғаны айтылды

Елордада коронавирустан көз жұмған науқас Алматыда қонақта нақты қай күні болғаны айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ауруханада көз жұмған

Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел мәлімдеді. 

«Коронавирустан қайтыс болған әйел 14 наурыз күні құдалықта болған. Құдалық Алматыда өткен», - деді баспасөз хатшысы.

Сондай-ақ марқұммен байланыста болған екі алматылық басқаларынан алшақтатылыпты. Бұ туралы Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова айтып кетті. 

«Коронавирустан қайтыс болған адаммен қарым-қатынаста болған екі адам Алматы облысында оқшауланды. Олар қазір ауруханада жатыр. Енді осы екі адаммен қарым-қатынаста болған тағы бес адам анықталды. Олар да дәрігерлердің бқылауында. Барлығының анализдері толық алынған. Нәтижесін күтудеміз, дайын болғанда қосымша ақпарат береміз», - деді басқарма басшысы.

Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтанда коронавирустан көз жұмған алғашқы науқас жайлы айтылған еді. 


 

Талқылау