Үш ер адам төбелесіп, біреуі оқ атты: Полиция Жаңаөзенде түсірілді деген видеоға түсініктеме берді
Әлеуметтік желіде төбелес пен атыстың видеосы тарап жатыр. Желідегілердің айтуынша, бейнежазба Маңғыстау өңірінде түсірілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Кадрлардан үш ер адамның төбелесіп, артынша олардың бірінің оқ атқанын көруге болады. Желідегілердің айтуынша, оқыс жағдай Жаңаөзенде болған. Алайда полиция қызметкерлері роликтің Маңғыстау жерінде түсірілмегенін алға тартты.
«Біздің өңірде мұндай жағдай тіркелмеді. Облыс тұрғындарына мұндай видео таратқаны үшін жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», - деді ведомство баспасөз қызметіндегілер.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"