Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістандағы адамдар туыстарының денелерін өртеу үшін жаға жыртысып жүр

Үндістан әлемдегі COVID-19 негізгі ошағына айналды. Нью-Дели астанасында тәулік бойы коронавирустан қайтыс болғандардың денелері өртелуде, деп хабарлайды CNN-ге сілтеме беріп.

Сейсенбі күні Солтүстік Дели қаласының әкімі Джай Пракаш Делидің Бас министрі Арвинд Кежривалға хат жолдады. Хатта тұрақты түрде отынның жеткізілуін қамтамасыз ету туралы өтініш болды.

Индуизмде жерлеудің жалғыз рұқсат етілген түрі - кремация. Елдің көптеген аймағында крематорийлер мәйіттерді өртеп үлгере алмай жатқан көрінеді. Washington Post газетінің шолушысы Барка Датт осы аптада COVID-19 салдарынан әкесінің қайтыс болғаны туралы хабарлады.

"Біз оны кремациялауға барғанда, онда орын болған жоқ . Бірнеше отбасы арасында төбелес болды. Әкемді кремациялау үшін полиция шақыруға тура келді", - деді Барка Датт.

Пандемияға дейін күніне 8-10 адам кремацияланатын. Қазір бұл көрсеткіш бір күнде 120-ға жетеді. Өртеуге арналған орындардың болмауына байланысты рәсім тікелей автотұрақтарда жүзеге асырылады.

Солтүстік Дели әкімінің айтуынша, кәсіпорындарда 600-ге жуық дене өртеніп жатыр. Бұл көрсеткіш ресми мәліметтер ұсынғаннан жоғары.

"Біз соңғы бес сағат ішінде 55 денені кремацияладық. Күннің соңына қарай 100-ге жетеді. Мен шаршадым,  бірақ қазір шаршайтын уақыт емес. Қазір ұлт үшін, адамзат үшін жұмыс істейтін және өмірді сақтап қалатын уақыт", - деді Джитендер Сингх Шунти.

Үкімет коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын қабылдауға тырысуда. Штаттар мен қала шектеулер енгізді, сондай-ақ, кәсіпорындар жабылды.

Үндістан халқы дәрменсіздігі мен баяу реакциясынан көңілі қалып жатыр.

"Делиде оттегі, төсек, вентилятор, плазмалық инъекциялар болмағандықтан жағдай нашарлауда. Мен қатты ашулымын, бірақ сондай-ақ, кінәлімін, өйткені біздің қолымыздан келетін нәрсе аз. Мұны орындау керек адамдар жоғалып кетті. Олар уәде беріп, жоғалып кетті", - деп шағымданды Шунти.

Үмітсіз тұрғындар коронавирустан құтылу үшін сиқыршылар мен бақсыларға жүгінуде. Үндістанда 1,3 миллиардтан астам адам тұрады, оның тек екі пайызы ғана вакцинацияланды.

 

Талқылау