Қазақстандық бапкер Үндістанда жасөспірім қызды зорлады айыпталды: Сыртқы істер министрлігі пікір білдірді
Велоспорттан қазақстандық жаттықтырушы Мақсат Аязбаев Үндістанда кәмелетке толмаған спортшыны зорлады деген күдікпен іздестіріліп жатыр. Полиция оның төлқұжатын тәркілеп, елден шығуына жол бермеу туралы нұсқаулық шығарды. Қазақстан велоспорт федерациясы мәлімдеме мен Сыртқы істер министрлігі жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Hindustan Times мәліметінше, оқиға 13 қыркүйекте Патиаладағы Ұлттық спорт институтының аумағында болған. Кәмелетке толмаған спортшының арызында оқиға қыздар жатақханасына жақын орналасқан, шетелдік бапкерге берілген қызметтік бөлмеде болғаны көрсетілген.
Қыз полицияға 18 қыркүйекте жүгінген. Осыдан кейін Civil Lines полиция бөлімінде Үндістанның қылмыстық заңнамасы мен балаларды сексуалдық зорлық-зомбылықтан қорғау туралы заң бойынша қылмыстық іс тіркелген. Алайда полицияға хабар жеткенше күдікті бапкер институт аумағынан кетіп қалған. Тергеу барысында оның кейін Делидегі басқа спорттық лагерьде болғаны анықталған.
Полиция өкілінің айтуынша, күдіктінің төлқұжаты тәркіленіп, елден шығуына жол бермеу үшін арнайы іздестіру ескертуі жарияланған.
“Арнайы топтар оның болуы мүмкін жерлерді тексеріп жатыр. Делиге де қызметкерлер жіберілді, бірақ ол жерден табылмады. Оның төлқұжаты тәркіленді. Күдіктіні мүмкіндігінше тез арада ұстау үшін барлық шара қабылданып жатыр”, – деді Патиала полициясының өкілі Мохит Агарвал.
Кәмелетке толмаған қыз медициналық тексеруден өткен.
Қазақстан велоспорт федерациясы не дейді?
Қазақстан велоспорт федерациясы Аязбаевтың соңғы жылдары шетелде жұмыс істегенін және қазір Қазақстан құрамасына қатысы жоқ екенін атап өтті.
"Мақсат Аязбаев соңғы жылдары Қазақстаннан тыс жерде Үндістан тарапымен жасалған келісімшарт бойынша кәсіби қызмет атқарып, Үндістанның велоспорттан ұлттық құрамасын дайындаумен айналысты. Қазіргі уақытта оның кәсіби қызметі Үндістан құрамасымен байланысты болды. Үндістанның бұқаралық ақпарат құралдары да оның үндістандық команда құрамында жұмыс істегенін және спортшыларды халықаралық жарыстарға дайындағанын хабарлады. Қазіргі уақытта Мақсат Аязбаевтың Қазақстан ұлттық құрамасына қатысы жоқ", – делінген хабарламада.
Федерация Үндістандағы тергеу аяқталғанға дейін істің мән-жайына баға бермейтінін айтты.
"Ресми тергеу аяқталып, Үндістанның құзыретті органдары істің барлық мән-жайын анықтағанға дейін асығыс қорытынды жасамау және баға бермеу дұрыс деп санаймыз. Қазақстан велоспорт федерациясында Үндістанның құқық қорғау органдары жүргізіп жатқан тергеудің мән-жайына түсініктеме беруге негіз жоқ. Біз тек құзыретті органдардың ресми ақпаратына сүйенетін боламыз. Сонымен қатар нақты адамның әрекетін Қазақстанның ұлттық велоспорты мен ұлттық құрамасының қызметінен ажырату маңызды", – деп мәлімдеді федерация.
Үндістандағы тергеу жалғасып жатыр. Материал жарияланған сәтте Аязбаевтың кінәсі сотта анықталған жоқ.

Сыртқы істер министрлігі де қызға көмек көрсетіп жатыр
Аталмыш оқиғаға қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі де үнсіз қалмады. Өз жауаптарында олар бұл жағдайды жіті бақылауында ұстап отыр.
“Министрлік Үндістандағы Қазақстан Республикасының азаматына қатысты жағдайдан хабардар. Қазақстандық дипломаттар аталған азаматтың туыстарымен байланыста. Оған консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде. Министрлік бұл мәселені бақылауында ұстап отыр”, – деп жауап берді ҚР Сыртқы істер министрлігі.
Мақсат Аязбаев - бұрынғы қазақстандық кәсіби велошабандоз. Соңғы жылдары ол жаттықтырушы ретінде мансабын жалғастырды және Қазақстан велоспорт федерациясының мәліметінше, Үндістан тарапымен келісімшарт бойынша жұмыс істеген.
Үндістанда тергеу жалғасып жатыр. Жазба жарияланған сәтте Аязбаевқа қатысты айыптау үкімі шыққан жоқ.
Астанада бес баланың анасы жатыр обырының асқынуына дәрігерлерді кінәлады
