"Үнді махаббаты": Жұбайына гитарамен ән арнаған Нұртас Айдарбеков елді тәнті етті
Нұртас Айдарбеков жұбайы Гүлзира Айдарбековаға гитарамен ән арнаған сәтін көрсетті.
"Аллаға шүкір, балалар өсті, әрқайсысы өз шаруасымен кетеді. Сосын кешке іш пысқан соң, найманның қызын айналып. Айтпақшы музыкада ұлт болмайды дегені осы, өзбек ағайындардың осы әнін жас кезімізде айтып жүруші едік", - деп жазды Айдарбеков желідегі парақшасында.
Көпшілік егде жасқа келсе де, екеуінің махаббатының сөнбегеніне тәнті болды.
"Үнді махаббаттарыңыз мәңгілік болсын. Найманның қызы майысып, сынып отыр ғой сізге", "Не деген бақыт, Алла бір жастықта әдемі кемпір мен шал болып, бірге қартаюды нәсіп етсін", "Романтик", "Күшті, супер жүректен шыққан ән", – деп жылы лебізін білдірді тыңдармандар.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді