Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"1000 теңге сұраса да, "жоқ" дейді": Актер Әбілмансұр Серіковтің экс-әйелі алимент туралы айтты

Әбілмансұр Серіков / Фариза Бекібай
Фото: Instagram.com/fariza.bekibai / serikovmansur

Танымал актер Әбілмансұр Серіковтің бұрынғы әйелі Фариза Бекібай балаларға төленетін алимент туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқырмандардың бірі одан алимент алып-алмайтынын және бұрынғы күйеуінің балаларға қосымша көмек көрсететін-көрсетпейтінін сұраған. Фаризаның сөзінше, алимент тұрақты түспейді, кей кездері төлемді бірнеше ай күтуге тура келеді.

“Алиментті алу қиынның қиыны. Бірде көл, бірде шөл! Почти 4 ай алмадық, даже сұрамаймыз салғанша. Қалғаны өзімнің мойнымда: емі, дәрісі, сабаққа киімі, қыстық-жаздық киімін алып бермейді, сұрамаймыз да”, – деп жазды ол.

Фариза балалардың күнделікті қажеттіліктерін негізінен өзі өтеп жүргенін жеткізді. Оның айтуынша, әкесінен аз мөлшерде ақша сұраған кездің өзінде балалар жауапсыз қалатын жағдайлар болады.

“Балам 1000 теңге сұраса да, “жоқ” дейді. Намыстанып, сұрама деп ұрсамын. Кейде тығылып сұрайды, телефонынан, Kaspi-інен көріп қоямын. Өзіммен еріп келген бала сияқты екеуі де, жетім бала сияқты”, – деді Фариза Бекібай.

Ол балаларды асырау мен киіндіру тек өзінің міндеті болмауы керек деп есептейтінін де жасырмады. Фаризаның сөзінше, балалардың әкесі киім-кешек, дәрі-дәрмек пен тамақ секілді күнделікті қажетіне де атсалысса екен деген тілегі бар.

“1000 теңге мен бір қалам әпермейтін әкенің барынан жоғы деп есептеймін мен. Тойларда өзі керім болып киініп жүргенше, алименті мен балаларына киім-кешек немесе еміне дәрі, тамақ алып берсе ғой, шіркін”, – деп жазды ол.

Сондай-ақ Фариза балалардың әкесімен бірге уақыт өткізуі де сирек екенін айтты. Оның сөзінше, үлкен баласын биыл жазда ғана бір рет алып кеткен.

Жазбасының соңында Фариза ешкімге алақан жайғысы келмейтінін айтып, балаларының несібесі мол болуын тілеген.

“Қалған кезде қолымызды жаймаймыз. Күніміз соған қарамасын. Алла әділ, сенемін, сұраймын, несібемізді арттырсын”, – деді ол.

Фариза Бекібай пікірі
Фото: Instagram.com/fariza.bekibai

Айта кетейік, Әбілмансұр Серіков – қазақстандық театр және кино актері. Ол танымал актер Әбунасыр және актриса Лиза Серіковтердің отбасында дүниеге келген.

Әбілмансұр Серіковтың алғашқы отбасынан екі ұлы бар. Актер экс-әйелі Фариза Ещановамен студенттік шақта танысып, отау құрған, алайда 2018 жылы ажырасып кетті. Бірінші жұбайы театр және кино актрисасы, сонымен қатар вокалдан сабақ берді. Өнер иесінің екінші жары – Ақмарал Танабаевада өнерден алыс емес, олар Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы театрда бірге қызмет етіп, бірнеше қойылымда бой көрсеткен. Олар 2020 жылдың басында үйленіп, кейін жолдары екіге айырылды. Әртістердің ортақ екі ұлы бар.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 24 Қыркүйек, 2026 22:50