Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасына көңіл айтты

Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшысы үкіметтік комиссияға қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетуді тапсырды.

Еске салсақ, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. Соның салдарынан 19 әскери қызметшіні теңізге алып кеткен. Алғашқы ресми мәліметте тоғыз әскери қызметшінің қаза тапқаны, үшеуінің құтқарылғаны хабарланған еді.

Кейін іздестіру жұмыстары барысында тағы екі әскери қызметшінің денесі табылғаны хабарланды. Осылайша, қаза тапқандар саны 11 адамға жетті. Үш әскери қызметші құтқарылды, қалғандарын іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқиғаның мән-жайын анықтау және іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін өңірге қорғаныс министрі Дәурен Қосанов бастаған арнайы комиссия жіберілген. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу Бас прокуратураның ерекше бақылауына алынды.

 

Қарлығаш Асқарова
Бейсенбі, 24 Қыркүйек, 2026 17:01