Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та ән кешін өткізген Қайрат Нұртас қанша табыс тапты?

Гүлзира Айдарбекова АҚШ-та өткен ұлының концертінен айтарлықтай табыс тапағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Hit-TV арнасына сілтеме жасап.

Продюсердің сөзінше, әртіс атаулы ол жақта үлкен концерт қою үшін арнайы рұқсат қағазын алып, АҚШ-та кемі 7 жыл тұруы керек. 
"Бізге мейрамханаларда кеш өткізуге рұқсат берді. Алайда Қайраттың фанаттары оны 10 қалада күткен еді", – деді Айдарбекова. 

Осы ретте анасы Қайрат барған сапарында жарытып табыс таппағанын айтты.



Бұған дейін, Қайраттың АҚШ-тағы ән кешіне билеттердің 150 доллардан сатылғанын жазған едік. Тыңдармандар Димаш Құдайбергеннің ән кешіне билет құны 70 доллар болғанын айтып, шағымданған еді. Гүлзира Айдарбекова концерттің үлкен стадионда өтпегенін айтып ақталған еді.

Айта кетейік, тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Америкаға барған Қайрат Чикаго, Нью-Йорк, Филадельфия штаттарында кеш өткізіп келген еді. Ал осы күндері Айқын Төлепберген АҚШ-та қазақ жастарының басын қосып, кеш өткізуге дайындалып жатыр. 

Талқылау