AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күйеуімнің абырой-беделі менің әрекеттеріме тәуелді": Тәуекел Мүсілімнің жары сырт келбетін сынағандарға жауап берді

Махаббат Мүсілімнің Instagram-дағы оқырмандары оның сырт келбетіне қатысты сын айтуда. Актердің жары көпшілікке жауап берді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

"Тұрмысқа шыққанға дейін тартымды әрі жарқын едіңіз! Кейін басылып қалдыңыз", - деп жазды оқырманның бірі. Оған Махаббат: 

"Мұны қалыпты деп санаймын. Себебі мен енді тұрмыстамын. Енді күйеуімнің абырой-беделі менің әрекеттеріме тәуелді. Егер де байқаулар (авт.сұлулық сайыстары) жайлы айтсаңыз, ол менің өмірімнің өткен кезеңі", - деп жауап берді. 

Қостанайдан шыққан қарапайым қыз бүгінде жұлдыздың жары. Араласатын ортасына жаңа, оның үстіне танымал адамдар қосылған. Алайда "бұл өз достарыма деген көзқарасымды өзгерткен жоқ" дейді Махаббат. 

"Алматыға көшіп келгенге дейін кіммен дос болсам, солармен әлі күнге дейін араласамын. Тек менің оқушы, студент кездегі достарымның бәрі Қарағанды, Павлодар немесе Қостанай қалаларында. Келген кездерінде, мүмкіндігінше көрісіп тұрамыз. 



Тәуекелдің достарына келсек, біріншіден оның достарының ішінде мектеп кезінен келе жатқандары бар. Оларға және танымал достарына деген көзқарасы бірдей. 

Екіншіден, танымал адамдар да тура сіз бен біз сияқты қарапайым жандар. Барлығы да Тәуекел сияқты ашық-жарқын, мейірімді жандар", - деп жауап берді Махаббат.

Сондай-ақ, Махаббат Мүсілім күйеуінің бойындағы өзі бағалайтын үш қасиетті атады. 

"Мейірімділік, әділеттілік және әрдайым ортаны ұстану", - деді ол.

 
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр