Үнді киімін киген Дариға Бадықова желідегілерді тәнті етті
Нұрлан Қоянбаевтың "Қазақша бизнес" картинасының кезекті бөлімі Үндістанда түсірілуде. Көзі қарақты көрермен аталған фильмнен сүйікті кейіпкерлерін көре алады. Дәл қазір Нұрлан Қоянбаев, Дариға Бадықова, Жан Байжанбаев, Рамазан Амантай және өзге де актерлер Үндістанда түсірілім алаңында жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Осы ретте актерлер әлеуметтік желідегі парақшаларында түсірілім алаңындағы қызықты кадрлармен бөлісуде. Мәселен, көпшіліктің сүйікті актрисасы Дариға Бадықова үнді әйелдерінің киімін киіп, желіде қызу талқыға түсті.
Желі қолданушылары Бадықованы үндінің танымал актрисаларына ұқсатты.
"Анандидің енесінен айнымай қалдыңыз", "Кокила ханым болып тұрсыз", "Сізге күшті жарасады екен", "Үнділерден айнымай қалдыңыз. Сізді қызғанып кеттім", "Қазақтың екі қызын алып, Гита-Зита түсіру керек қой сізге", – деп пікір білдірді желі қолданушылары.
Жүргізушілер Алматы әуежайында жолаушыларды түсіргені үшін салынған айыппұлдарға шағымданды: Полиция не дейді?
Полиция: "Әуежай аумағының жекелеген учаскелерінде 3.28 "Тоқтауға тыйым салынады" жол белгілері орнатылған"
Хлор мен уксусты араластырып ыдыс жуған қазақстандық әйел ауруханадан бір-ақ шықты
Дәрігер: “Қышқылдар мен күшті сілтілер өңеш пен асқазанның ауыр химиялық күйігін туғызады”