Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Арамдық": Ақерке Бүркітбай жалдау ақысын қымбаттатып жіберген пәтер иелеріне шүйлікті

Көрші елдегі жағдайға байланысты елімізде пәтер жалдау құны өсті. Бір ғана Алматының өзінде бір бөлмелі пәтерді жалдау ақысы 400-600 мың теңгеге дейін жеткен. Әнші, қобызшы Ақерке Бүркітбай жағдайды пайдаланып, бағаны шарықтатқан пәтер иелеріне шүйлікті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Кешелі бері Қазақстанның барлық қалаларында пәтер жалдап тұратын адамдардың далада қалуға мәжбүр болып жатқанын көріп отырмыз. Өйткені бір күн ішінде пәтерді жалдау құны бірнеше есеге өсіп кетті. Көрші елдегі өзгерістен бізде аяқ астынан жалақы көбейіп кеткен жоқ. Осы жағдайды пайдаланып, бағаны сонша көтеру деген арамдық деп ойлаймын. Балаларымен, қарт ата-аналарымен бірге пәтер жалдап тұратын адамдар бар. Көпбалалы отбасылар бар. Қиын кезеңде бір-бірімізге қолдау білдіріп, бұл тізбекті үзейік. Бір-бірімізге көмектесейік. 



Осы бизнеспен айналысатын адамдар мені оқиды деген үмітпен жазып отырмын. Тым болмағанда бір адам осы бір мейірім тізбегін бастаса, өз адамдарымызды қолдау біздің қолымызда деп ойлаймын. Бір күн ішінде басқа пәтер табу, бүкіл отбасыңмен көшіп кету мүмкін емес", – деп ашынды Ақерке Бүркітбай. 

Талқылау