Салық әкімшілігі Мәдина Сәдуқасованың банктегі шоттарын бұғаттап тастаған
Мәдина Сәдуақасованың басына қара бұлт үйірілді. Салық органдары әншінің барлық жеке шоттары мен депозиттерін бұғаттап қойды. Ақшаны картада ұстап үйренген Мәдина қолында қалған соңғы тиындарын көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Менің барлық шоттарымды, депозиттерімді салық органы бұғаттап тастапты. Не үшін екенін білуге келдім. Не істеп қойдым мен? Есепшімді күтіп отырмын", – деп басына түскен жайтты баяндады Сәдуақасова.
Әнші көп ұзамай мәселенің анық-қанығына жетті.
"Шоттарымның арестке қойылуы ЖК-мен (жеке кәсіпкер) байланысты екен, бірнеше күнде шешілуі керек. Бірінші жолы ескерту жасайды екен. Қолма қол ақша жоқ екен менде, соңғы тиындарымды санап қалдым", – деді әнші.

Жүргізушілер Алматы әуежайында жолаушыларды түсіргені үшін салынған айыппұлдарға шағымданды: Полиция не дейді?
Полиция: "Әуежай аумағының жекелеген учаскелерінде 3.28 "Тоқтауға тыйым салынады" жол белгілері орнатылған"
Хлор мен уксусты араластырып ыдыс жуған қазақстандық әйел ауруханадан бір-ақ шықты
Дәрігер: “Қышқылдар мен күшті сілтілер өңеш пен асқазанның ауыр химиялық күйігін туғызады”