Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үн шығармай күтуге тура келді": Тамара Асар не себепті жеті күнде тұрмысқа шыққанын түсіндірді

Белгілі әнші Тамара Асар не себепті жеті күннің ішінде тұрмысқа шыққанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/tamara_assar_official/

Өнер иесі тойына бес адам, құдалыққа алты адам қатысқанын жасырмады. 

"Танысар сәтте "қандай әдемі әйел, мына әйелге мен үйленем" деп айтып қалған сөзінің соңынан жеті күнде келіп, неке сақинасын салып тұрып, ұлым Қамбарға офлайн яғни қасымда отырып, әкем тірі кезі еді, оған онлайн видео қоңырау шалып "Біз үйленіп жатырмыз" деді. Әкем рұқсатын берді”, – деп әңгімесін бастады әнші. 



Эстрада жұлдызының сөзінше, көп ұзамай әкесі дүние салып, анасы тойды жасауға рұқсат бермеген көрінеді. 

“Сосын әкем көп ұзамай қайтыс болды. Үн шығармай күтуге тура келді. Пандемия басталып кетті. Сосын жар салып жария қылмадық. Анамның талабы солай болды. Некеміз Ақшұқырда әкемнің шаңырағында қиылды. Менің туыстарым да, оның туыстары да,бірге жанында жүрген дос-жұмыстастары да бұл жайында білмеді. Тойымыз бес адаммен, құдалығымыз алты адаммен өтті. Тіл-көзден, кесе көлденеңнен аман болсын отбасымыз. Шүкір", – деп жазды Тамара Асар. 

Еске салайық, әнші жолдасының мамандығы дәнекерлеуші екенін айтқан еді. 

Талқылау