Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үлкен шығыннан емес, аз табыстан қорқу керек": Министр азық-түліктің қымбаттауына қатысты пікір білдірді

Журналистер сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтен қазақстандықтар тапқан табысының жартысын азық-түлікке жаратуды қашан тоқтататынын сұрады. Министрдің жауабы екіұшты болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Gov.kz

Министрдің айтуынша, ел өндіріс пен кірісті ұлғайтуы керек. 

"Үлкен шығыннан емес, аз табыстан қорқу керек" деген жақсы сөз бар. Көп жұмыс істеп, көп ақша табуға тырысу керек. Ал азық-түлік себеті мен тұтынушылық тауарларға келсек, олардың бағасы құбылмалы. Әр кезде әрқалай өзгеріп отырады. Біз өзімізді қай жерде қамтамасыз етсек, қай жерде тұрақты жеткізілім бар, сол жерде нарық бағасы да лайық болады", – деді министр. 



Министрдің сөзінше, ел тұтынатын тауардың 54 түрі бар.

"Тұрғын толық өзінің қажетін өтей алатындай түрлі азық-түлік есебі мен түрлері бар. Сондықтан өндірісті өсіріп, халықтың табысын арттыру керек. Біз қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", – дейді Шаққалиев.

Айта кетейік, бұған дейін Жемқорлыққа қарсы қызмет азық-түлік бағасын реттеу кезіндегі жемқорлық әрекеттерін ерекше бақылауға алатыны туралы жазған едік. 

Талқылау