Азық-түлік корпорациясының екі қызметкеріне пара алғаны үшін 48 миллион теңге айыппұл салынды
Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "Азық-түлік корпорациясы ҰК" АҚ қаржы департаментінің директоры мен бас маманын соттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Корпорацияның қаржы департаментінің директоры Н.Г. Жұмаділов және бас маманы Г.Ж. Әбенов кәсіпкерден құжаттарды жинау бойынша бұрын көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ астық түрінде тауарлық несие беру туралы шартқа қол қоюға көмектескені үшін пара алған.
Сотталғандарға қатысты сот шешімімен мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, жалпы сомасы 48 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
“Қала прокуратурасы үкімді бас бостандығынан айыру жазасына өзгерту бойынша апелляциялық өтініш енгізді. Қылмыстық кодекстің 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады”, – деп мәлімдеді Антикор.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін "Азық-түлік корпорациясының" басшылары пара алды деген күдікпен ұсталған еді.
Талқылау
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып
Желіде шетелге шыққан қазақстандықтарға сыйақы ұсынатындар көбейген: Мұның артында не тұр
Ведомоство мұндай жағдайлар жауапкершілікке әкелетінін ескертті