Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украинадағы жағдай Қазақстанда қайталануы мүмкін бе – Сарапшы жауап берді

Украина мен Ресей шекарасындағы мәселе елімізге қалай әсер етеді деген сауал қазақстандықтарды алаңдатып отырғаны сөзсіз. Қоғамдағы кей сұрақтарға жауап алу үшін 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасы саясаткер Ермұхамет Ертісбаевтан сұхбат алған. Сарапшының пікірінше, Украинадағы жағдай ел экономикасына әсер етуі мүмкін, дегенмен Қазақстанда мұндай жағдай қайталанбайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ертісбаев

Ермұхамет Ертісбаев Ресейдің ДХР мен ЛХР егемендігін мойындауы алдын ала айқын болғанын айтады. 

"Соңғы 6 жыл бойы ДХР мен ЛХР Ресей экономикасы аясында жұмыс істеп келеді. Украинаның өзге аймақтары және Киевпен ешқандай сауда байланысын жасамаған. Сонымен қатар ДХР мен ЛХР-дің жүздеген мың адам Ресей төлқұжатын алған. Сондықтан Путиннің қабылдаған шешімі мен үшін жаңалық болмады", - деді саясаткер.

Ертісбаевтың сөзінше, Ресей ҰҚШҰ әскерін жұмылдырмайды. Себебі әзірге Ресейге ешкім әскери шабуыл жасамаған.

"ҰҚШҰ әскері тек екі жағдайда жұмылдырылады. Егер Ресейге қарулы шабуыл жасалса, екіншісі Ресей өзі көмек сұраса. Дегенмен ядролық державаға кім шабуылдауы мүмкін? Қару арсеналы тұрғысынан Ресей бірінші орында тұр. Сондықтан ҰҚШҰ әскерін жұмылдырмайды деп санаймын", - дейді Ермұхамет Ертісбаев. 



Саясткер Украинадағы жағдайға байланысты 30 жыл бойы ұстанып келген бағытынан таймауы керек екенін айтады. Яғни Кеңес Одағы ыдыраған соң бөлінген шекара өзгеріссіз қалуы керек дейді. Әрі Қазақстан Қырымның Ресейге қосылуын ресми мойындамағанын да алға тартты. 

Бұдан бөлек Ертісбаев Ресейдегі экономикалық ахуалдың Қазақстанға да әсер етуі мүмкін екенін жоққа шығармады. 

"2014 жылдан бастап Ресейге салынған барлық санкциялар жанама түрде Қазақстанға да әсер еткен", - деп қосты саясаткер.

"Украинадағы жағдай Қазақстанда да қайталануы мүмкін бе?" деген сауалға Ермұхамет Ертісбаев қайталанбайтынын айтып жауап берді.

"Ресей Қазақстанға қатысты мұндай әрекетке бармайды. Себебі бұл жанжал тек Қазақстан арасында ғана емес, 75 миллион халқы бар Орталық Азиямен болмақ. Мұнда Қытай да, АҚШ та Қазақстанды қолдауы мүмкін. Бұл тақырыпқа қатысты қиялдағым келмейді. Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты өте жақсы деп бағалар едім. Сонымен қатар Путин Украина және өзге елдерге жасалған "сыйлық" туралы жиі айтты. Тарихшы ретінде айтарым, Украина кеңестік социалистік республикасының картадағы жер аумағы қазіргіден өзгеше болған", - деді саясаткер. 

Ертісбаевтың айтуынша, ХХ ғасырда шекара белгілеу үшін мұрағаттағы құжаттар қаралған. Әрі қазақтар мекендеген жер аумағы қазіргіден әлдеқайда үлкен болған. 

"Қазақстан шекарасына Орынбор және басқа да жерлер қосылған. Мұның барлығы – тарихи деректер. Сондықтан Украина мен Қазақстанның жағдайы екі түрлі", - деп түйіндеді Ермұхамет Ертісбаев. 

Айта кетейік, Путин Ресейдің бұрынғы патшалық аумағын қалпына келтіруге тырысып жатыр деген айыптауларға жауап беріп, шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген

Талқылау