AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей бұрынғы империяcының шекараларын қалпына келтіргісі келеді - Путин жауап берді

Президент Владимир Путин Ресей Донецк және Луганск халық республикаларының (ДХР мен ЛХР) тәуелсіздігін мойындай отырып, Ресей империясының шекараларын қалпына келтіруді көздеп отыр деген болжамдарды жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 

Ресей басшысы осындай айыптаулар болатынын алдын ала болжағанын айтады. 

"Бірақ бұл мүлде шындыққа жанаспайды", — деп түйіндеді ол.

Путиннің айтуынша, КСРО ыдырағаннан кейін Ресей жаңа геосаяси шындықты мойындады және посткеңестік кеңістікте пайда болған барлық тәуелсіз елдермен өзара іс-қимылды нығайту үшін белсенді жұмыс істеуде.

Путин сонымен бірге 2014 жылы Украинада болған төңкерістен кейін Мәскеу мен Киев арасындағы қарым-қатынастың деңгейі мен сапасы төмендегеп кеткенін жеткізді. 

Ол Ресей бұрынғы КСРО республикаларының егемендігін қолдайтынын, ал Украинаға қатысты жағдай ерекшеекенін атап өтті. 

Ол Мәскеу мен Киев арасындағы қарым-қатынастың бұл сипаты соңғысының сыртқы басқарудың қолында болғанына байланысты екенін айтты. 

21 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин ДХР мен ЛХР тәуелсіздігін мойындау туралы жарлықтарға қол қойып, елдің Қарулы Күштеріне республикалардағы бейбітшілікті сақтауды қамтамасыз етуді тапсырды. Келесі күні мемлекеттік дума ДХР және ЛХР-мен достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімдерді ратификациялады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр