AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Соғыс болып жатыр деген бос сөз": Қазақстанның Украинадағы елшісі елдегі жағдай туралы айтып берді

Қазақстанның Украинадағы және Молдова республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Қалетаев Украинадағы жағдайдың тұрақты екенін мәлімдеді. Дегенмен соғыс қауіпі төнгендіктен, мемлекет экономикасы құлдырай түскен. Бұл туралы елші 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қалетаев

"Украинада болып жатқан жағдайды өздеріңіз көріп, біліп отырсыздар. Бұл мәселелер Украина экономикасына өте күрделі өзгерістер енгізіп жатыр. Бүгінгі таңда, әрине, халықтың көңіл-күйі түсіп кеткен. Біреу үйіңе есігіңді теуіп кіріп жатса, қандай сезімде болар едің", – деді Дархан Қалетаев. 



Елші қазір Киев қаласында екен және қалада ахуалдың тыныш екенін жеткізді. Оның сөзінше, Киевте "соғыс болып жатыр" деген бос сөз. Сонымен қатар ол Украинададағы елшілікке 2 мыңға жуық Қазақстан азаматының тіркеуде тұрғанын мәлімдеді.

"Олардың бәрімен тікелей хабардамыз. Қауіп төнген жағдайда қалай жұмыс істеуіміз керек екені жөнінде жоспарымыз бар. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігімен бұл мәселе келісілген. Әрине, ең бастысы – әуе жолы. Қазір ғана Air Astana әуе компаниясының басшылығымен тікелей телефон арқылы келіссөз жүргіздім. Қалай жұмыс істеуіміз керек екені жөнінде толық түсінік бар. Егер әуе жолы жабылса, басқа да жолдар бар", – деді елші. 

Айта кетейік, бұған дейін Украинаның сыртқы істер министрі Ресейдің бұрыны Кеңес Одағын құруға тырысып жатқанын мәлімдеген еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр