Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украинадағы соғыс басталғаннан кейін Қазақстанға келген 80 мың ресейлік еліне қайта оралмаған

Ресей мен Украина арасындағы соғыс басталғалы бері 80 мың ресейлік Қазақстанға кетіп, қайта оралмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Currenttime.tv

The Bell порталының мәліметінше, Украинадағы соғыс басталғаннан кейін Ресейден шамамен 666 мың адам кетіп, әлі еліне оралмаған.

Зерттеуге сәйкес, 2022 жылы ресейліктер қоныс аударған жетекші елдер қатарында Армения (110 мың адам), Қазақстан (80 мың), Грузия (74 мың) сияқты визасыз бағыттар бар. Ал Израильге 80 мың, АҚШ-қа 48 мыңға жуық ресейлік қоныс аударғаны хабарланды.


Қазақстанда ресейліктерге жергілікті тұрғындарға қарағанда 2 есе көп жалақы ұсынған: Банк тағылған айыпқа жауап берді


Еуропа елдерінен ресейліктер көбіне Германияға (36 мың адам), Латвияға (18 мың), Испанияға (16 мың) және Нидерландыға (12 мың) кеткен. Еуропалық одақтан тыс Сербияға 30 мыңға жуық ресейлік қоныс аударған.

The Bell хабарлауынша, Украинадағы соғыс басталғаннан кейін ресейліктердің эмиграциясы кейінгі 20 жылдағы ең үлкен көрсеткішке жеткен. Бұған дейін эмиграцияның ең үлкен толқыны 1992 жылдан 2004 жылға дейінгі кезең болған. Ол кезеңде 1,6 миллион адам елден кеткен.

Сарапшылар қазіргі эмиграция толқыны Ресейдің экономикасына, демографиясына, ғылымы мен мәдениетіне әсер ететінін айтып отыр.

Талқылау