Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украинада соғыс басталғалы бері 726 бейбіт тұрғын қаза тапты - БҰҰ

Украинадағы соғыс әрекеттері басталғалы бері 700-ден астам бейбіт тұрғын, оның ішінде 52 бала қаза тапқан. Бұл тек ресми деректер. Құрбандардың нақты саны әлдеқайда көп болуы мүмкін, деп мәлімдеді БҰҰ. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дүниежүзілік ұйым сондай-ақ Украинадағы медицина қызметкерлерінің өліміне әкелген денсаулық сақтау нысандарына жасалған 43 шабуылдың болғанын растады. 

"24 ақпан мен 15 наурыз аралығында адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссардың кеңсесі 1900 бейбіт тұрғынның қазасын тіркеді. 726 адам қаза тауып, 1174 адам жарақат алған. Олардың көпшілігі елді мекендерде жарылыс радиуысы үлкен бомбаларды қолдану салдарының құрбаны болған. Жүздеген үйлер, ауруханалар зақымдалып, мектептер қираған үйіндеге айналған", - деп қосты БҰҰ бас хатшысының орынбасары Розмари Дикарло.

ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус кез келген қақтығыс жағдайында медициналық мекемелерге жасалған шабуыл халықаралық гуманитарлық құқықты бұзу болып табылатынын баса айтты.



"ДДСҰ медициналық мекемелерге жасалған 43 шабуылды растады, соның салдарынан 12 адам қаза тауып, 34 адам жарақат алған және оның ішінде медицина қызметкерлері де бар. Бұл барлық құқықтардың бұзылғанының белгісі. Олар адамдарға шұғыл көмек көрсетуді бөгейді және шамадан тыс жүктелген денсаулық сақтау жүйесін бұзады", - деп түсіндірді Гебрейесус.

Ресей тек Украинаның әскери инфрақұрылымына ғана шабуылдайды

Киев пен оның батыстық одақтастары Мәскеуді бейбіт тұрғындарға шабуыл жасады деп айыптаса ал Ресей мұны жоққа шығарып, тек Украинаның әскери инфрақұрылымын нысанаға алып отырғанын айтумен келеді. Арнайы операция басталғаннан бері Ресей әскері Украина қарулы күштерінің 1400-ге жуық танкі мен басқа да броньды техникасын жойған. Бұл туралы Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді.

"Арнайы әскери операция басталғаннан бері Украинаның 182 ұшағы мен тікұшағы, 177 ұшқышсыз ұшу аппараты, 1393 танк және басқа да бронетранспортер, 134 көп реттік зымырандар, 523 далалық артиллерия мен минометтер, сондай-ақ 1182 арнайы әскери машиналар жойылды", - деді Игорь Конашенко.

Талқылау