Лукашенко Ресей мен Украина қақтығысы бейбіт түрде аяқталатынын айтты
Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей-Украина қақтығысының жақын арада аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі БЕЛТА басылымына сілтеме жасап.

"Мен бұл қақтығыс жақын арада бейбіт түрде аяқталатынына сенімдімін", – деді Александр Лукашенко.
Беларусь басшысы Ресей президенті Владимир Путиннің Украина басшысына келісімнің қолайлы нұсқасын ұсынғанын нақтылады.
"Алдымен ең маңызды нәрсені айтқым келеді. Ресей Украинаға қолайлы ұсыныс тастап отыр. Украина мен Ресейдің келісімге келіп, Зеленский келісімге қол қоюы мүмкін", - деп қосты Александр Лукашенко.
Егер Владимир Зеленский қазіргі шартқа қол қоймаса, жақын арада капитуляциялық актіге қол қоюға мәжбүр болады.
"Ресей бұл соғыста жеңілмейді. Бұны сіз де 100% білесіз", – деді Беларусь басшысы.
"Қырғызстан өзі алға шығу үшін осылай жасады": Сарапшылар көшпенділер ойыны нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Қырғызстан тарапы медаль есебін басқаша жүргізген
Қазақстандықтар 3600 орындық елордалық стадион мен "Бішкек Аренаның" қаражатын салыстырды
Стадион құрылысының құны – ҚҚС-ты қоса есептегенде 16,7 миллиард теңге