Украинада өнер көрсеткен қазақстандық әнші Индира Еділбаева тағы бір мәрте елді өзіне қаратты

"Украина дауысы" жобасының 10-маусымында келесі конкурстық кезең - «нокауттар» кезеңі басталды, 11-шығарылым көрсетілді. Бұл кезеңді ашу құқығы Дан Балан командасына берілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Потап Индираны нағыз болашақ супер жұлдыз деп атады

Оның шәкірттерінің бірі алматылық Индира Еділбаева Эрос Рамазоттидің «Cose della vita» әнін орындады. Алдыңғы раундтардағыдай, жерлесіміз залды өзіне қаратты. Потап Индираны нағыз болашақ супер жұлдыз деп атады, оның кезеңге өткен сайын өнерімен тәнті етіп жатқанын және болашақта оның жанкүйері болып қала беретінін айтты. Монатик Индираның дауысы «таңғаларлық» деп атап, оның дайын әртіс екенін жеткізді. 

Дан Баланмен сөйлесу уақыты келгенде, ол Индира өз командасы үшін таптырмайтын жан екенін және олар әртүрлі жастағы адамдар тыңдай алатын туынды жасай алатындығын атап өтті.Тәлімгер оған сол кезде 1-орын берді. Индирадан кейін Дан Балан командасынан тағы 5 үміткер өнер көрсетті, бірақ Индира Дан Баланның айтуы бойынша ең жақсы 4-орынды иемденіп, келесі кезеңге өтті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр