"Украина жарты әскерінен айырылды": Ресей Қорғаныс министрі ақпаннан бастап көз жұмған сарбаздар санын атады
Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Украина-Ресей арасындағы қақтығыс кезінде опат болғандардың санын атады. Оның сөзінше, Ресей тарапынан жарақат алғандардың 90%-ы соғыс шебіне қайта оралған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сергей Шойгу ақпаннан бастап Украина тарапынан 61 207 адам көз жұмғанын мәлімдеді. Тағы 49 368 адам жарақат алған.
"Күрделі әрі үлкен әскери жұмыс атқарылуда. Әскерилер өз міндетін абыроймен атқарып жатыр. Тек Украинамен емес, ұйымдасқан Батыспен соғысып жатырмыз", – деді ол.
Оның сөзінше, Ресей тарапынан 5 937 сарбаз көз жұмды. Айтуынша, жарақат алғандардың 90%-ы соғыс шебіне қайта оралған.
Еске салайық, бұған дейін Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин әскердің бір бөлігін мобилизациялау (мемлекеттің қарулы күштерін бейбітшілік жағдайдан соғыс жағдайына көшіру) туралы қаулыға қол қойған еді.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған