УЕФА Конференция лигасы: Астана Челсиге есе жіберді
"Астана" футбол клубы УЕФА Конференция лигасы аясындағы кезекті матчын өткізіп, жеңіліске ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Chris Lee - Chelsea FC/Chelsea FC via Getty Images
Елордалық "Астана" командасы УЕФА Конференция лигасы аясында бесінші ойынын өткізіп, тағы да жеңіліске ұшырады. Өз алаңында лондондық "Челси" командасымен кездесіп, англиялық клубқа қарсы еш қауқар көрсете алмады. Алматының Орталық стадионында өткен матч 1:3 есебімен аяқталды. “Челси” сапында Марк Гиу (14- минут және 19-минут) көзге түсіп, дубль авторы атанды. Сондай-ақ Ренату Вейга 39-минутта гол соғып, есепті 3:0 жеткізген еді. Ал алаң иелері сапынан Марин Томасов 45-минутта гол салса, есеп айырмасын бір голға қысқартты.
Айта кетейік, енді “Астана” футбол клубы соңғы матчын 19 желтоқсанда кипрлік “АПОЭЛ” командасына қарсы өткізеді.
"Жүрек тұсынан электрошокермен ұрып өлтірген": ҚазҰУ жатақханасында қаза тапқан студенттің туыстары оқиға туралы айтып берді
Туысы мәйітхана қызметкерлері Дауылдың өліміне жүрек тұсына тиген қатты соққы себеп болғанын айтқанын жеткізді
13 жыл бұрын үздік атанған алты шенеуніктің бесеуі сотталып кетті: Бұған не әсер етті
Тізімнің алғашқы төрттігіне Қуандық Бишімбаев, Самат Әбіш, Марат Бекетаев пен Дәулет Ерғожин енген

