Тұрсынбек Қабатов: Асқар тауым құлағалы 9 жыл өтті
Тұрсынбек Қабатов 9 жыл бұрын өмірден өткен марқұм әкесін еске алды. Әзілкеш желіде әкесіне арнап мұңды жазба жариялады.

"9 жыл өтті асқар тауым құлағалы. 9 жыл өтті анам іздеп жылағалы. Әр күніміз сағынышпен өткенімен, Жүрегіміз әке деп соғады әлі. Бүгін әкем тірі болғанда 67 жасқа толар еді. Әттеген-ай десейші. Жадыраған жүзін көрмегелі де 9 жыл болып қалыпты. Жаныңыз Жәннатта болғай. Суретте әкем Аманғали анам Талиға және 6 айлық Әдемі Тұрсынбекқызы", - деп жазды Тұрсынбек Қабатов.
Әзілкеш желідегі парақшасында ата-анасы мен тұңғыш қызының суретін жариялады.
- Тұрсынбек Қабатов: Бала күнімде дәрігерлер менің бір аяғымды кесіп тастамақ болған, әкем рұқсат етпеді
- Тұрсынбек: Әлі танылмаған кезім, бір қыз мені менсінбей бетімді жаман қайтарып тастап еді
Желі қолданушылары қайырлы болсын айтып, ақ тілегін арнады.
"Жаны жәнатта болсын, ұрпағы бақытты болсын", "Әкеңізге ұқсайды екенсіз", "Немересін көріп кеткен екен ғой", "Ананың аман болсын, шөбере-шөпшек сүйсін", "Әкеңіз көрмеген қызықты анаңыз көрсін", - деп жазды желідегілер.
Талқылау
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен