"30 ғана адам болды": Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың 20 жыл бұрынғы концертін еске алды
Продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында Қайрат Нұртастың 30 мың көрерменге концерт бергеніне қатысты жазба жариялап, ұлының өнер жолын енді бастаған кездерін еске алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол осыдан 20 жыл бұрын Қайрат Нұртастың алғашқы концерттеріне небәрі 30 шақты адам келгенін айтып, сол кезеңдегі толқынысын бөлісті. Айтуынша, ол кезде де ұлы үшін алаңдап, қуаныштан көзіне жас алған. Ал бүгінде әншінің 30 мың адамның алдында өнер көрсетуі ана ретінде ерекше сезімге бөлеген.
“Мұның артында қаншама қара тер, санаулы сағаттар мен күндер емес, 20 жыл еңбек тұр”, – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Продюсер жазбасында жақында қаза тапқан сарбаздардың аналарына да тілектестігін білдіріп, барша ананың көз жасы тек қуаныштан төгілсін деп тілек айтты.
“Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Анасын бала, баласын ана жоғалтпасын!” – деп жазды ол.
Еске салайық, бұған дейін Қайрат Нұртас Астанада 35 мың көрермен алдында жары Жұлдызға ән арнағаны хабарланған еді. Бағдарламаның ортасында әнші Құдай қосқан жары Жұлдыз Әбдікәрімованы сахнаға шақырды. Қайрат Нұртас жұбайының қолынан ұстап, оған арнап ерекше ән орындады. Ерлі-зайыптының сахнадағы бұл сәті көрерменнің ерекше ықыласына бөленді.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол сараптама жасалғанына жүргізілмегеніне шағымданды
